Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 12-17.02.2018 жылы білім беру ұйымдарында «Экономика барлығы үшін» жобасын жүзеге асыру бойынша мектебімізде «Қаржы сауаттылығы» акциясын өткізу жоспарланды.
Акция шеңберінде мектебімізде іс – шараны ұйымдастыру жоспарланып, әр сыныптарда сынып сағаттары өтті және де стенд, кітап көрмесі, газеттер шығарылды.
Бастауыш сыныптарда «Жанұядағы бюджет», «Ақшаны ұқыпты жұмсай білейік», 5 сыныпта «Ақшаның шығу тарихы», 6 сыныптарда «Ақша уақыт тынысы», 8 сыныптарда «Экономика көшбасшысы», 9 сыныптарда «Экономика дарабозы», 10-11 сыныптарда «Өз ақшаңды басқаруды үйрен» атты сынып сағаттары мен дебат сайыстар өткізілді.