Мектепішілік бақылаудың мақсаты: мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін одан әрі жетілдіру.
Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
1. Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын қадағалау.
2. Оқу пәндер бойынша білім сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізу.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдерге өздерінің педагогикалық шеберліктерін
шыңдауға көмек көрсету.
4. Оқу процесінің сапасын бақылау.
5. Білімінің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу.
6. Оқу-зерттеу қызметін бақылау.
7. Тәрбие процесін бақылау.