Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 445
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 706
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Білім берудегі заманауи өзгерістер - табысты оқу кепілі" тақырыбында аудандық семинар
13-11-2018 20:46

Ахмет Байтұрсыновтың "Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек" - деген сөздерін басшылыққа алып, Талдыбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі "Білім берудегі заманауи өзгерістер - табысты оқу кепілі" тақырыбында аудандық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: «НЗМ тәжірибесін таратуда Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі (РО) тәжірибесін оқу - тәрбие процесінде қолдану. Жаңашыл мұғалімдердің жұмыстарын жетілдіру, нәтижелі өнімділікке қол жеткізу».

Семинардың басы С. Дуанбекова өткізген психологиялық тренингімен басталды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Тоқбергенова мектеп паспортымен таныстырып, семинар барысын айтып өтті.

Келесі кезекте қатысушылар бағдарламадағы екі түсті жолақпен (көк, сары) екі топқа бөлініп, ашық сабақтарға қатысты.

Ашық сабақтардың бірі жаңартылған білім мазмұны бойынша  8 сыныпта химия пәнінен "Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару" , пән мұғалімі С. Ақашева болса, екіншісі жаңа әдіс-тәсілдермен жоспар құрылып жасалған 4 сыныптағы қазақ тілі пәнінен "Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата білу", пән мұғалімі С. Құрманбаева.

АКТ мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ықшам сабақтардан көрініс тапты. Атап айтар болсақ:

- 7 сыныптағы "Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Өткізген математика пәнінің мұғалімі Ж. Исмагулова;

- 5 сыныптағы "Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы". Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Т. Тлеубаев;

- «Жылу үдерісінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы». Өткізген: физика пәнінің мұғалімі С. Тулегенов.

Семинардың қатысушылары  «Іс-әрекетті бірлесіп талдаудың тиімділігі» коучингіне белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Өткізген І деңгейлі сертификатталған химия пәнінің мұғалімі С. Ақашева.

Мектептегі үйірме жұмыстарын ерекше атап өтуге болады:

  • «Ғаламтордың ғажабы» тақырыбында өткен 6 сыныптардағы дебат клубында оқушылар ғаламтордың зияны мен пайдасы жайлы көп мағлұмат алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Тоқбергенова;
  • «Мектеп өмірінен жаңалықтар» тақырыбында 11 сыныптарда өтетін  «Жас журналист» таңдау курсы оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауға септігін тигізетіні байқалды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ө. Садықова;
  • «Кәде – сый дайындауда бисерді қолдану» атты 11 сыныптағы үйірме жұмысын жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Г. Ендаманова үйірмені математика пәнімен тығыз байланыстырғаны көрінді;
  • «Жас талап» драма үйірмесінің мүшелері 8-11 сынып оқушылары С.  Таластың «Барыңды бағала» драмалық қойылымын жоғары деңгейде көрсетіп, қатысушылардың ерекше бағасына ие болды. Жетекшісі Ү. Кәрібаева;
  • Тағы бір ерекше үйірме ол әрине 6 сыныптардағы «Дзюдо күресі». Үйірмеге қатысушы оқушылардың жоғары қызығушылықтары байқалды, оған дәлел ұлдарға арналған спортқа қыздардың белсене қатысуы. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Дюсенбин өткен оқу жылдардағы жетістіктерінен көрме жасап семинарға қатысушыларға таныстырды.

Семинарға мектебіміздің бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Игенов Е.Д. НЗМ тәжірибесіндегі «TEDx» жобасымен таныстырды. Бұл жобаны біздің мектептерге енгізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру. Осы орайда Жезқазған қаласында өткен  «Ұла дала мұрагерлері» форумына қатысушы оқушымыз Армиева Инабат «Жезқазған өңірінің болашағы» тақырыбында өзінің таратуға тұрарлық идеяларымен бөлісті.

Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Борамбаева, әдіскері Г.Ж. Кубеева семинарды қорытындылап, ұсыныс, тілектерін айтып, директоры С.К. Жанғұтов бастаған  ұжымға шығармашылық табыстар тіледі. Қатысушылар тарапынан да жылы лебіздер, тілектер айтылып, семинарды жоғары бағалады.