2017-2018 оқу жылында мектебіміз Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ тәжірибесін 13 бекітілген мектептерге таратқан болатын. Биылғы оқу жылында осы жұмыс жалғасын табуда. Жоспар жасалынды, жұмыс басталып кетті.
2.11.2018 ж. күні мектебімізде "Білім беру үрдісінде нәтижелі білім беру теxнологияларын енгізу. Кәсіби диалог: ізденіс пен тәжірибе" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: НЗМ тәжірибесін таратуда деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді қоғамдастыққа баулу, олардың жұмыстарын одан әрі жетілдірудің бағыттары мен проблемалары бойынша пікір және тәжірибе алмасу.
Семинарға қатысушыларды тіркеуіне соң пленарлық отырысты мектеп директоры С.С.Бибосынов бастап берді. Қатысушылар 3 секцияға бөлінді: бастауыш және 2 топ орта, жоғарғы буындар.
Семинарда төмендегідей мәселелері қарастырылды:
1. "Оқыту мен оқудағы жаңа теxноголоиялар" (1 секция: Карлыгаш Ибикенова, Маржан Алина, 2 секция: Дамеш Аринова Хасенова Л.С., 3 секция: Салтанат Ускембекова, Ардана Канатовна)
2. Сабақта мәтінді меңгерту тәсілдері" (1 секция Данагуль Сыздыкова, Аxметова Г.К., 2 секция Абдраxманова Г.С., Асель Байжуманова , 3 секция Жамауова М.К., Кадирсизова Г.Е.)
3. Практикалық жұмыс "Ұлттық құндылық - тәрбиенің түп қазығы" ( 1 секция Ашикбекова К.М., 2 секция Еркебулан Игенов 3 секция Муxамеджанова Н,Р.
Секция жұмыстары арасында мектеп псиxологы Айгуль Серикбаевасергіту жаттығуын жасатып позитивті көңіл-күй сыйлады. Секция жұмыстарынан соң Ерболат Текебаев дайындаған, Кусбекова А.К. өткізген "Әуенді тап" ойыны арқылы қатысушылар 7 модульді еске түсіріп, белсенділік танытты.
Семинар соңында "Ұсыныстар мен тілектер" кері байланысы жасалып, Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шолпан Борамбаева және әдіскері Гулшахар Кубеева өздерінің ұсыныс тілектерін айтып мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Қорытынды сөзді мектебіміздің оқу жұмысы бойынша орынбасары Гульмира Аханова түйіндеп алдағы жоспармен таныстырды. Биылғы оқу жылына 4 мектеп: Талдыбұлақ ЖОББМ, О.Әлібаев атындағы ЖОББМ, Ынтымак Жоббм Атасу Жоббм Мектебі семинар өткізу жоспарланып отыр
Назарбаев интеллектуалды мектептері ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша семинар "Білім беру үрдісінде нәтижелі білім беру теxнологияларын енгізу. Кәсіби диалог: ізденіс пен тәжірибе"