Математика пәні бойынша Республикалық олимпиада
9-11 сыныптардың Республикалық олимпиадасы жалғасып, оқушылар 16 ақпан күні математика мен физика пәндерінен бақтарын сынады.
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушылары Иманкеш Ақниет ( Б. Амалбеков ЖББ. ТМ/РО), 10 сынып оқушысы Б. Амалбеков ЖББ ТМ/РО оқушысы Кежеғазы Сағыныш жүлделі 3 орынды иеленді.
Физика пәні бойынша үздіктер ішінен дараланып 3 орын иеленген Б. Амалбеков мектебінің 9 сынып оқушысы Кенжеғазы Данияр болды.
Әрбір олимпиада қатысушысына алдағы сынақтарда сәттілік тілейміз!