Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының әкімшілігі және “Атамекен” облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен “Атамекен” іскер әйелдер кеңесі Орталық-Қазақстан туризм ассоциациясының ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында “Мисс Туризм Казахстан 2018” атты облыстық байқау өтті. Қарағанды қаласының әуежай айлағына деген қызығушылықты арттыру мақсатында “Сарыарқа” әуежай тұрағы алаңында өткізілген байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан 10 ару қатысты.
Ұлттық мәдениет және салт-дәстүрді дәріптеп, отандық туристік нысандарға қызығушылықты арттыруды, туристік саланың дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан байқауда жергілікті қолөнершілер мен шеберлердің жұмыстары көрмеге қойылды.
Байқауға алдын-ала қалалар мен аудандарда іріктеу кезеңдерінен өткен арулар қатысты. Аруларымыздан әдеміліктерінен басқа өзінің туған елі мен жері, жалпы Қазақстанның тарихын жетік білуі талап етілді.
Байқауға қатысқан арулар ұлттық киім, кешкі сән үлгісіндегі киімдерді көрсетсе, туған жер туралы таныстыру жасап, ұлттық тағам және қолөнер бұйымдарын таныстырып, өздерінің біліктілігін байқатты. Барлық қатысушылар туған жеріне және Отанына деген махаббатын көрсете білді. Әділ-қазылар алқасына таңдау өте қиынға соқты.
Қорытындылай келгенде, “Мисс Туризм ” титулын ауданымыздың 26 жасар аруы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің психолог маманы Фариза Тишмағамбетова ие болды
Мисс туризм - Казахстан 2018