Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Назарбаев интеллектуалды мектептері ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша семинар "Критериалды бағалаудың ерекшеліктері"
07-02-2018 15:15
Назарбаев интеллектуалды мектептері ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша семинар

                             Жаңашыл мектептің іс-тәжірибесін тарату - жаңаша білім берудің негізі.

 «Назарбаев зияткерлік мектебі»ДББҰ үздік шетелдік тәжірибе саналып,шығармашылық өңделетін негізгі алаң болып табылады.Осыған байланысты 2016-2017 оқу жылында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен НЗМ біріге отырып өткізген оқыту семинарларына қатысып қайыттық.Ал биылғы оқу жылында Жаңаарқа ауданы жалпы орта білім беру мектептерінің практикасына инновациялық тәжірибені тарату мақсатында бізге 13 мектеп бекітіліп берілді.Жыл басында мектебіміздің шығармашылық тобы жұмыс жоспарын құрып,жоспарға сәйкес бүгінде екі рет семинар ұйымдастырылды.Алғашқы семинар нәтижесі Республикалық «Білімді ел» газетінде жарық көрді. 2 ақпанда өткен екінші семинар тақырыбы «Критериалды бағалаудың ерекшеліктері» деп аталды.Семинар бағдарламасы қысқа мерзімді сабақ жоспары негізінде құрылып бас-аяғы жұп-жұмыр тағылымы мол ,тәжірибесі терең таратуға тұрарлық идеяға толы шара болды десе болады.Семинар «М.Жұмабаев идеяларының бағалау жүйесіне әсері»тақырыбындағы бейне роликпен ашылды.Ұйымдастыру сәтінде миға шабуыл әдісі арқылы критериалды бағалау бойынша көрермендер түсініктерін қалыптастыру мақсатында кіру сауалнамасы алынды.Жалпы семинар

1 секция жұмыстары «Кретериалды бағалау –табысты оқытудың кепілі»

2 «Ықшам сабақтар»

3 «Шығармашылық жұмыс» бөлімдері бойынша өтті.

Секция жұмыстары әдеттегідей 4 бағытта мектеп басшылары,тілдік бағыттағы және жаратылыстану-математикалық циклінің мұғалімдері,тәрбие орынбасарлары мен музыка,технология,тарих,география пән мұғалімдері  бойынша жүргізілді.Бұл жерде мұғалімдер НМЗ тәжірибесінің негізгі идеясын терең түсініп жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына өзіндік ерекшелігіне баса назар аударды,тақырыпқа сай қызу талқылаулар мен пікірталас та болды. Кретериалды бағалау ерекшеліктерін түсіндірудегі практикалық жұмыстың мәтіні ретінде «Елбасы жолдауы» талқыланды.

Семинардың келесі сатысында «Жаңа әдіс тәсілдер-тәжірибеде» деген атпен 9 мұғалім ықшам сабақ үлгілерін көрсетті.Оның ішінде тәжірибелі бас маман,тәлім алушы жас мамандар да бар.Бір ерекшелік мұғалімдердің ықшам сабақтағы басты мақсаты жаңаша бағалау формасы қалыптастырушы және жиынтық бағалауды оқу процесінде қалай қалыптастыру жолдарын көрсету болды.Ерекше сабақ үлгілерін көрсеткен ұстаздар: Төребекова.А,Амирова.А,Рахымжанова.Г,Шабдаров және жас маман Д.Сәлкеновты  атап өтуге болады.   

Семинардың шығармашылық саласында мектеп сахнасында дарынды оқушылардың қатысуымен орыс тілінде  А.С. Пушкин Маленькие трагедии «Отрывок из каменного гостя»

ағылшын тілінде Калейдоскоп традиции «Alice in Wonderland» драмалық қойылымнан пән мұғалімдері Хасенова.Л.С мен Игенов Е.Д жетекшілігімен  үзінді көрсетілді.Үздік деңгейде көрсетілген қойылым көпшіліктің көңілінен шықты,шығармашылық жұмысқа шығармашылық баға берілді.

Басы бейне роликпен басталған семинар соңы да «Критериалды бағалау-оқушы,мұғалім көзімен» атты мектеп оқушылары әзірлеген қысқа метражды бейне роликпен аяқталды.Ұйымдастырылған іс шараның негізгі тақырыбы «Бағалау»болғандықтан жалпы жұмыс барысына ПОПС формуласы арқылы қорытынды жасалып, барлық қатысушылар басында таратылған бағалау парақшаларын толтыру арқылы бағдаршам әдісі бойынша әдістемелік семинарға әділ бағасын берді.Алдағы уақытта да білім саласындағы жаңартылған білім беру аясында іс-тәжірибе алмасу жұмыстары жалғаса бермек.

 

                          Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің оқу ісінің меңгерушісі   Аханова.Г.Р