Б.Амалбеков ЖОББ мектебінде "Тіл - ұлттың жаны" атты он күндікте М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай "Қазақ балалар әдебиетіндегі жетім балалар бейнесі" тақырыбындағы дөңгелек стол өтті. Талданған тақырыптар М.Әуезов "Жетім" әңгімесі, С.Мұратбеков "Жусан иісі", Б.Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат" және жетім бала бейнесін сезіндіру үшін кинодан үзінді көрсетілді. ("Жетім" киносы) аталған шығармалардағы жетім балалардың қилы тағдырлары сөз етіліп, оқушыларды отбасы құндылығын сезіндіруге, бір - бірін түсіне білуге, көркем әдебиетті оқуға деген құлшынысын оятуды мақсат етті. Кеш соңында мектеп кітапханашысы Қуанышбекова Б.Ж. оқушыларды М.Әуезов шығармашылығымен таныстырып өтті. Дөңгелек столды ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жамауова М.К.
"Қазақ балалар әдебиетіндегі жетім балалар бейнесі" тақырыбындағы дөңгелек стол