Денсаулық күні
07.09.2017 ж. Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ «Денсаулығың өз қолыңда!» атты денсаулық күні аталып өтті. Барлық сыныптар белсене қатысты. сағ. 10.00-де бір мезгілде барлық сыныптар жаттығу жасады.Бұдан кейін сыныптар арасында «Көңілді старт», қашықтыққа жүгіру, волейбол , арқан тартыс сияқты сайыстар өтті. Барлық сыныптарда денсаулық күніне орай сынып сағаттары өтті.