"Электронды журнал" жобасы бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жаңаарқа ауданы бойынша 5 мектеп (Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ, №132 ЖОББМ, Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ) «Электронды журнал» жобасына толығымен көшірілді. Аталған жобаны іске асыру мақсатында 2017 жылдын 21 тамыз күні директордың оқу ісі бойынша орынбасарларымен жиналыс өткізілді.