ҚР БжҒм мен ҚР энергетика министрлігінің қолдауымен өткізілген әлеуметтік – экологиялық «ЭКО БОЛАШАҚ» жобасы бойынша Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен акция өтті. Акцияға 17 мектеп қатысты. Нәтижесінде 5,5 тонна қағаз қалдықтары тапсырылды. Аталмыш шараның жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу үшін осындай шаралардың маңызы зор. Еліміздің инфрақұрылымын дамытуда ерекше белсенділік көрсеткен төмендегі мектептердің басшылары мен оқушыларына айтар алғысымыз көп. Олар: Көктал ЖОББМ -265кг, Жаңаарқа ЖОББМ - 320 кг, №132 ЖОББМ -1200 кг, О.Әлібаев атындағы ЖОББМ-527, Ақтүбек ЖОББМ -346, №144 НОМ -140кг, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ - 400кг, Ынтымақ ЖОББМ-256кг, Ынталы ЖОББМ -350кг.
«Эко болашақ» жобасының қорытындысы маусым айында шығарылып, белсенді қатысқан мектеп оқушылары марапатталады. Акция жалғасын табады.