Информатика пәні мұғалімдері үшін семинар- кеңес
Жаңа оқу жылының ашылуы "Астел" АҚ ( Компания желілерді жобалау және жабдықты жеткізуден бастап, пайдалануға енгізу және тапсырыс беруші қызметін оқытумен аяқтай отырып қосымша қызметтердің кең көлемін көрсетеді) директоры Фомин Валерий Олеговичпен кездесуден басталды. Семинар кеңес Юрий Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында, оған 17 мектептің (бұл мектептерді "Астел" АҚ спутникалық Интернет желісімен қамтамасыз етеді) информатика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Интернет желісінің жылдамдығын арту бойынша сұрақтар қойылып ой бөлісті.