Размер шрифта:
↑Наверх

Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Пәндік олимпиада - 2020 жыл
23-01-2020 14:56

Пәндік Олимпиада – білім  бәсекесінің шыңы

      ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру - мемлекетіміздің басты стратегиясы болып отыр.

    Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. «Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім», - деп жазды Фараби. Ал, ұлы Абай «Бүгінгі жастарға оқу міндет, тек қана оқу менен өнер білмек керек» - деп, білімнің жастар үшін маңызды екендігін баса көрсетіп кетті. Бұл пікірлер өміршеңдік мәні мен маңызын әлі  жойған жоқ.

          2019 жылдың желтоқсан айының 4-5 жұлдызында  Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтіп, облыстық кезеңіне жеңімпаз 20 оқушы жолдама алған болатын. Қаңтар айының 5-6 күндері өткен облыстық кезеңі нәтижесінде осы оқушылардың  8–і жүлдегер атанып 6 қола, 2 күміс медальді иеленді.

    Олар  Б.Амалбеков ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Василенкова Анастасия орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ІІІ дәрежелі, 10-сынып оқушысы Аман Ануар математика пәнінен ІІ дәрежелі; О.Жұмабеков ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Елекен Еркетолқын қазақ тілі мен әдебиетінен ІІІ дәрежелі, 9-сынып оқушысы Төлепбек Расул математика пәнінен ІІ дәрежелі;   № 132 ЖОББМ 10 сынып оқушылары Достаев Заңғар биология пәнінен, Нариманова Дариға орыс тілі мен әдебиетінен ІІІ дәрежелі;   Ынтымақ ЖОББМ 10-сынып оқушысы Рымбек Әйгерім құқық негіздерінен ІІІ дәрежелі;  С.Сейфуллин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бақытова Айзат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ дәрежелі дипломдармен  марапатталып, өздерінің білімдерін дәлелдеді.

         Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына құю - инемен құдық қазғандай төзімділікті қажет ететін ауыр процесс. Бұл ретте ұстаздардың еңбегін атап көрсету ләзім. Осындай жетістіктерге жету  жолындағы қиын да жауапты міндетті ойдағыдай атқарып, оқушыларды олимпиадаға өз мәнінде дайындаған мұғалімдерді атап айтсақ: Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кәдірсізова Ғалия Есенқызы және математика пәні мұғалімі Абильдина Шынар Шахизадақызы, О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сақауова Жұлдыз Болатқызы және математика пәні мұғалімі Арконова Жанат Қайруллақызы, №132 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Сапаров Айдар Маратұлы және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабасова Гулжаhан Құлболдықызы, Ынтымақ ЖОББМ құқық негіздері пәні мұғалімі Мыңжасарова Ғайнижан Ермекқызы, С.Сейфуллин ат. ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейфуллина Орынбасар Боранбайқызы.                                        

      ҚР Президенті өз Жолдауында атап көрсеткендей, «Өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып өсуіне мүдделі, өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуші  мұғалімнің жаңаша ойлай білетін креативті  түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізеді», - деген болатын.

      Мұғалімдеріміздің үдеден көрініп жүргені де осындай жетістіктерімен дәлелденеді. Алдағы уақытта да алар асуымыз жоғары болатынына сенім білдіріп, облыстық пәндер Олимпиадасында топ жарып, жүлдегер атанған оқушылар мен олардың ұстаздарына  аудандық білім бөлімі атынан алғыс білдіреміз.

 

                                                                      Білім бөлімінің әдіскері Г.Көбеева