Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Караван STEM" шеберлік сыныбы
12-08-2019 16:09

2019 жылдың 12 тамыз күні Жаңаарқа ауданының Ю.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің акт залында "STEM Academia" ЖШС компаниясының өкілдері аудандық білім беру ұйымдарына "Караван STEAM" шеберлік сыныбын өткізді. Жаратылыстану- математика бағыты бойынша физика, химия, математика, биология, информатика пәндерін оқытуда қолданылатын жаңа тәсілдер, жабдықтар, презентациялар, бағдарламалар көрсетілді. Нұрсұлтан қаласындағы ашылған зертхалардың жұмыстарымен таныстырды, сондай кабинеттің бірі Жаңаарқа ауданының Оразалы Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінде де орнатылған. STEM академия өкілдері биология пәнінде оқушыларға көздің құрылымын интерактивті панельдің көмегімен қызықты етіп түсіндіруге болатының көрсетіп және мұны ЗD модельдеу арқылы жүзеге асырылатының жеткізді. Шеберлік сыныпқа ауданның 27 мектептерінің директорлары және директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдерімен қатысты. Қатысушыларға ұсынылған ақпарат өте қызықты болды, сонымен қатар тереңінен талқылау жұмыстары жүргізілді. Мектеп басшылары алғыстарын білдіріп, пікірлерін жеткізді. Барлық аудандық білім беру мекемелерінің басшыларына "Караван STEAM" туралы жадынамалар таратылды.