ЭКСПО-2017
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің демеушілігімен, білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздың білім беру ұйымдарының оқушылары 2017 жылдың 20-22 шілде аралығында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап қайтты. 3 күнге жоспарланған бағдарлама аясында Астананың басқа да жерлерін аралады. Оқушылардың көрмеден алған әсерлері керемет. Елімізді өркениетті елдер қатарынан көруге бағытталған көрменің жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.